Дүйсенбі, 04 қараша, 04:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Биыл түлектер үшін мектепте соңғы қоңырау өтеді

11.05.2021

1623 0

Биыл соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріледі.
Тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мектеп ауласында өткізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол соңғы қоңырау жылдағыдай 25 мамырда соғылатынын атап өтті.
«Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі форматта оқып жатқанын білесіздер», – деді Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.Сонымен қатар айтуынша, маусым айының ортасында аттестат табыстау рәсімін де далада өткізу жоспарланып отыр.
Бұл ретте министр бетперде және әлеуметтік қашықтық режимі, тағы басқа санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек екенін ескертті.
«Тек осы талаптар сақталғанда ғана және ашық ауада өткізгенде ғана осындай рұқсат беріледі. Осыны есте сақтап, тиісті деңгейде өткізу керек», – деді ведомство басшысы.
Былтыр 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимде қоштасқан болатын.
Осы жылы қазақстандық оқушылар 26 мамырдан бастап жазғы демалысқа шығады. Мамырдың соңында жазғы мектептер ашылады, ол жерде қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар олқылықтың орнын толтыра алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: