Бейсенбі, 25 сәуiр, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Болашақ» биікті бағындырды

29.05.2021

3400 0

Жақында Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің жетістіктер қатары тағы да толықты. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өткізген жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінің 2021 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең үздік ЖОО анықталды. Қорытынды бойынша «Болашақ» университеті Қазақстан Республикасының  бас рейтингінде үздік 20 оқу орны қатарына енді.

Үздіктерді анықтау барысында адами ресурстарды дамыту деңгейі, жоғары білім берудегі шет мемлекеттермен байланыс, ғылыми-зерттеулерді дамыту деңгейі, еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныс пен олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші сияқты индикаторлар басты назарға алынған.

Бүгінде «Болашақ» университеті қабырғасында 5000 сту­дент білім алуда. Мұнда «Білім беру және педагогика» жо­ғары мектебінде білім беру қызметі 19 бакалавриат пен 8 ма­гистратура бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Одан бөлек «Бизнес, техника және технология» жоғары мектебінде 22 мамандықта бакалавр және 2 мамандыққа магистрлар оқытылады. 2019 жылы білім ордасы материалдық-техникалық базасын жабдықтап, зәулім ғимаратқа көшті. 14 қабаттан тұратын университет заманауи технологиялармен жабдықталған. Сту­денттерге арналған 400 орындық жатақханасы, спорттық сауықтыру кешені, атриум залы мен жылыжайы бар.

– 1100 орындық «Болашақ холл» кампустық ғимараттарын салу жоспарда бар. Жоспар аясында оқытушы-профессорлар үйі, дендропарк, медициналық орталық, жағалаудағы ашық аспан астындағы атриум, кинотеатр, бизнес инкубаторды жүзеге асыру мен білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған технопарк, университет жанындағы зияткерлік мектеп, жастар кешенін салу жоспарға енген, – дейді университет ректоры Қуаныш Қойшығұлұлы.

Сонымен қатар студенттердің білім деңгейін арттыру және университетте қосымша білім беруді жетілдіру үшін шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен келісім-шарт арқылы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша 16 студент Шыңжан педагогикалық институтында (Қытай), 17 магистрант пен 2 оқытушы Астрахань мемлекеттік университетінде (Ресей) болып келсе, ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 10 студент пен 4 магистрант оқып келген.

Университетте білім алушылармен тəрбие және мəдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында бірнеше ұйым ашылған. Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани болмысын қалыптастыру мақсатында уни­верситет мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, өнер тарландары мен елге айрықша еңбегі сіңген мамандық иелерімен кездесу кештерін ұйымдастыруда «Мəртебелі мейман» жобасы дəстүрлі түрде жүзеге асырылады. Қысқасы, «Болашақ» университеті студенттердің сапалы білім алуы мен оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында барлық жағдай жасауда. Бүгінде бұл жоғары оқу орнын тәмамдаған маман иелері өз салаларында биік белестен көрініп те жүр. Мұның барлығы университет ұстаздары мен басшылығының еңбегі екені сөзсіз. Міне, осы тынымсыз тірлік те өз нәтижесін беріп, «Болашақ» биік белесті бағындырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: