Сенбі, 18 мамыр, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

«Болашаққа арыз жазып кетейін»

09.02.2024

846 0

Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ‘Болашаққа арыз жазып кетейін» атты әдеби – сазды кеш болды. Күллі қазаққа аты мәлім, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынның өлеңдерін, әндерін орындату арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, рухани байлығын арттыруға болады.

Әдеби-сазды кеш оқушылардың домбыра аспабында «Ерке сылқым» күйін орындауымен басталды. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері шаршағанға ән, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас болып, адалдық пен татулықтың бесігін тербейтінін ақынның сөзіне жазылған «Сары жайлау» , «Мен деп ойла», «Сенің көзің», «Айтатын саған сырым бұл», «Есіңе мені алғайсың» әндерін оқушылар сахнада әуелете шырқағанда анық байқалды.

Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісіндегі көрініс көрермендер көзайымына айналды. Сондай-ақ Қорқыт бабамыздан қалған асыл мұра – қобыз аспабында ойналған «Жезкиік» күйі де ерекше әсер берді. Ақынның ғұмырлы поэзиясы мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлеп, қастерлейтін мұрасы екенін халық көңілін сусындатқан ақын өлеңдерін оқушылардың жатқа мәнерлеп оқығандарынан байқалды.

Мұқағали мұрасы – сұлулықтың үлгісі, біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақтың еншісі, олай болса асыл мұра мәңгі өлмек емес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: