Дүйсенбі, 04 қараша, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Демеушілер есебінен сегізінші дәрісхана ашылды

23.09.2022

939 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында профессор Хадиша Нұғманова атындағы этнопедагогика дәрісханасы ашылды. Айта кету керек, бұл – кейінгі үш жылда демеушілер қаржысы есебінен қайта жаңартылған сегізінші дәрісхана.

Салтанатты іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, Хадиша Ермақашқызының жақындары мен шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылары және білім алушылар қатысты.

Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова алғы сөз алып, ардагер ұстаздың оқу орнына сіңірген еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, Хадиша Ермақашқызының ұлы Ғабит Аяшұлына университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапаттады.

Хадиша Нұғманова – ардагер ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, КСРО, Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі.

1957 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиет» факультетін бітіріп, 1968 жылы инстиутта оқытушылық қызметін бастайды. 1983-2003 жылдар аралығында Хадиша Ермақашқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, сол кафедраның профессоры қызметтерін атқарды.

Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде  ол халық педагогикасының тағылымдарын, ұлттық құндылықтарды педагогикалық бағыттағы мамандықтардың оқу-үдерісіне енгізумен айналыса бастады. Соның бір айғағы – «Халық педагогикасын болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында пайдалану»  тақырыбында жарық көрген оқу құралы. Ғалым-ұстаздың «Қазақ этнопедагогикасындағы  отбасы тәрбиесі» кітабын оның қазақ этнопедагогика ғылымына қосқан зор үлесі деуге болады. Хадиша Ермақашқызы  150-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда
университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: