Сейсенбі, 06 желтоқсан, 14:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 10 жас баспаналы болды

17.01.2022

503 0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент отырысында жасаған мәлімдемесінде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру төңірегінде нақты тапсырмалар айтты.

Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен тұрақты жұмысқа орналасып, тұрғын үймен қамтылған жастардың қатары көп. Мәселен, былтыр Қызылорда қаласындағы Ақсуат ауылдық округінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 38 азамат көтерме жәрдемақыға ие болса, он жас баспаналы болған. Солардың бірі – №143 орта мектептің мұғалімі Асылзат Желдербаева осы бағдарламаның көмегімен тұрғын үй алды. Бүгінде аталған бағдарламаның тиімділігін көріп отырған жандардың алғысы шексіз.

«Осы бағдарлама аясында мемлекеттен бір реттік қайтарымсыз жәрдемақы алдым. Ал үй алу үшін пайызсыз несие алған болатынмын. Бұл бағдарлама мен үшін де отбасым үшін де үлкен қолдау болды»,- деді №143 орта мектептің мұғалімі Асылзат Желдербаева.

«2020 жылы Махамбет ауылындағы «Асыл-ай» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Пәтерден пәтерге көшіп жүргендіктен осы бағдарламамен баспаналы болдым», – деді «Асыл-ай» балабақшасының тәрбиеші Гүлжахан Қожабек.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев жастардың арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында мемлекет тарапынан әлі де тиісті шаралар қарастырылатынын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: