Сәрсенбі, 01 мамыр, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Егемендік декларациясы: Тәуелсіздіктің бастауы

21.10.2022

530 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Республика күніне арналған «Егемендік декларациясы: Тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

  Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова ұлттық мерекенің мәні мен маңызына тоқталып, қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.

«Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата заңымызды құруға қадам бастық. Қысқа уақыттың ішінде егемен еліміз – қазақ халқының бейбіт ұстанымы мен толеранттылығы, табиғи ресурстарға бай еліміздің инвестициялық тартымдылығы сынды факторлардың арқасында өркениет өрісінен көрінді», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Халықаралық конференцияға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Селчук университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымының докторы Шағатай  Бенхур (Түркия), Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің профессоры, археология докторыГенрих Харке (Германия), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымының докторы, профессорНаталья Калашникова (Астана қ.), жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың белгілі ғалымдары, оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері офлайн және онлайн форматта қатысты.

Шара барысында ғылыми инновация бағыты бойынша университеттің жетістіктері мен жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, оқу орны және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері кітап көрмесіне қойылды.

Халықаралық конференция салтанатты жиынға жалғасып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған эссе және диктант байқауының  жеңімпаздары марапатталды. «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе конкурсына университеттің 235 білім алушысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатысып, байқау жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал «Атамекен» тақырыбында өткен университетішілік диктантқа жалпы саны 1210 білім алушы қатысты. Орфографиялық заңдылықтарды сақтап, көркем жазумен ерекшеленген 20 студент үздік деп танылып, университет ректорының Алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын иеленді.

Айта кетейік, биыл маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, 29 қыркүйекте тиісті заңға қол қойған болатын.

                                           Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: