Сенбі, 18 мамыр, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Еңбекке баулып шәкіртін

11.02.2023

459 0

«Ұстаздық еткен жaлықпac, үйретуден бaлaғa» – деп Aбaй aтaмыз aйтқaндaй, бүгінде осы ұлы жолда аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қоятын асыл жандар өте көп. Сондай жандардың бірі де, бірегейі Тасбөгет кентінің тұрғыны, ұзақ жыл ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Болатбек Дүйсебаев есімін ерекше атап айтуға болады.

Осы уақытқа дейін оқу­шылар ықыласына бөленіп, өз бағасын алған ардақты ұстаз Болатбек Бөлегенұлы қаңтар айында зейнет демалысына шықты.

Саналы ғұмырын жас ұр­паққа білім беруге арнаған Болатбек Дүйсебаевтың еңбек жолы жас ұрпаққа үлгі.

Ол  1960 жылы  1 қаң­­тарда Тасбөгет кентінде дүние­ге келген. Мектеп табал­ды­­рығын ал­ғаш 1967 жылы аттап,  №11 қазақ орта мектебін  1977 жылы ойда­ғыдай бітіріп шыққан.  Мектептен кейін 1977-1978 жылдар аралы­ғында Шымкент қала­сын­дағы №38 КТУ-ді, кино­механик мамандығы бойынша бітіріп, Сырдария аудандық кино жүйесінде аға киномеханик қызметін атқарады.

1978 жылдың қазан айы­­нан бастап отбасы жағ­­дайы­на байланысты «Рис­сов­хозстрой» тресіне қа­­­рас­ты УПП мекемесін­де ағаш шебері болып жұмыс істей­­ді.  Ал 1979-1981 ж­ыл­дары  Бело­русия жерінде  әскер қатарында  «ПУ» ко­мандирі қызметінде бол­ған. Әс­кер қатарынан орал­ғаннан кейін жоғарыда аталған мекемеде бұрынғы мамандығы бойынша жұ­мы­сын жалғастырады.

1983 жылы Қызылорда Гидромелоративтік технику­мына түсіп, техник-гидро­техник мамандығын бітірді. 1984-1993 жылдары ПМК-66 мекемесінде  ағаш шебері-балташы,  1993-1995 жылдары  «Альянс» ЖШС ағаш шебері мамандығы бойынша жұмыс істейді. 1995 жылы Оқу өндірістік комбинатында, 1996 жылы «Атамекен» оқу­шылар үйі орталығында «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқарады.

2000 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ға мемле­кеттік грант бойынша «Кәсі­би оқыту және еңбек» ка­федрасына түсіп, 2005 жылы бітіреді. Осы жылдан бас­тап, мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ береді. Оқу­шыларды қөлөнерге баулуда еңбегі зор. Ол мектептегі барлық қоғамдық жұмысқа белсене қатысты.

Шәкірт тәрбиелеу жо­лында өзінің күш-жігерін, терең білімін, бай тәжірибесін жұм­саған ол ұстаздық қыз­метті абыроймен атқар­ды. Осы жылдары ол ұйым­дастырушы­лық, іскер­лік қабі­леттерімен танылды. Шәкірт­тері де түрлі жетістіктерге жетіп, ұстаз үмітін ақтады.

Мәселен, 2015 жылы 8 сынып оқушысы Руслан Әуелбек қалалық ішкі сая­сат бөлімі мен «Самұрық инновациялық идеяларды да­­мыту орталығының» алғыс хатымен марпатталған. Сон­дай-ақ қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған  «Менің арманымдағы үй» атты макеттер сайы­сын­да 7 «А» сынып оқушы­ла­ры Мұхаметәлі Берістен­баев, Март Фархад үз­дік­­тер қата­рынан көрін­ген. Ал 2019 жылы рес­пуб­ли­ка­лық дәс­түрлі ин­тер­нет олим­­пиа­дасында 8 сынып оқушылары Медет Батырхан,  Шәутен Ниязов­тар І дәрежелі, Қайрат Мұхаммебетқали ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Болатбек Бөлегенұлының жары Милла Жаналиева аталған мектепте кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ол – өз жұмысының тәжірибелі маманы. От­басында екеуі  екі ұл, бір қыз және жеті немере тәрбиелеп отыр.

Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі – терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған шебер ұстаз бүгінде зейнетке шығып, өз еңбегінің жемісін көріп отыр.

Ардагер ұстаз – құрметті де ардақты ұғым. Болатбек Бөлегенұлы осы жылдарда қасиетті ұғымға көлеңке түсірмей еңбек еткен мұғалім. Еңбегі сонысымен бағалы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: