Жұма, 26 сәуiр, 20:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

География пәнін тереңдетіп оқытудағы «геотехнология» пилоттық жобасы аясында облыстық семинар өтті

26.05.2023

949 0

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор!

География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.

Осы мақсатта №282 мектеп-лицей базасында география пәнін тереңдетіп оқытудағы «геотехнология» пилоттық жобасы аясында облыстық семинар өтті. Семинарға Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) директоры Сырым Асқаров және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің математика ғылымдарының кандидаты Д.Джанмолдаев, Бекенов Берік және қала мектептерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында университет ғалымдары мен мектеп мұғалімдері «Заманауи балаға – заманауи көзқарас», «Мұғалім тұлғасының кәсіби дамуы» тақырыбында шеберлік сабағын өтті.

Сонымен қатар, гео-бейінді өлшемдер зертханасы ашылды. Онда оқушылар сабақ барысында география пәніне арналған құрылғылармен жұмыс жасайтын болады.

Семинарға келген қонақтар мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, семинар барысында кері байланыс жасалып, пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: