Жексенбі, 05 мамыр, 01:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетімен әріптестік орнады

04.04.2023

587 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Украина Республикасының Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Келісімнің мақсаты – әріптестік байланысты нығайтып, ауылшаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу.

Қол қою рәсіміне Қорқыт ата атындағы Қызылорда унисерситетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова және Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Юрий Кирилов, экономика ғылымдарының докторы Владимир Дудченко, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Елена Марковская қатысты.

Қазіргі уақытта шетелдік ғалымдар Владимир Дудченко және Елена Марковская Қызылорда өңірінде егін шаруашылығы бойынша зерттеу жүргізуде. Олар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 магистрантын жұмысқа қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы университеттің жетістіктерімен таныстырып, 115 білім беру бағдарламасы бойынша аймаққа ең қажетті мамандар даярланатынын атап өтті.

Өз кезегінде Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы Юрий Кирилов меморандум өзара тәжірибе алмасу мен тың зерттеулер жасауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Меморандум аясында органикалық егіншілік және оның өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен инновациялық жобаларды іске асырылып, инновациялық технологиялар жобасын құру үшін халықаралық ұйымдармен бірлесіп зерттеу жүргізілмек. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығын дамыту, Украина мен Қазақстандағы топырақ түрлеріне байланысты тауашалық дақылдарды (нишевых культур) өсіру жұмыстары атқарылмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: