Бейсенбі, 02 мамыр, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«IELTS» тест орталығы ашылды

18.04.2023

623 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай» атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдердің қатысуымен «Continuing professional development of teachers will change lives» («Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы өмірді өзгертеді») тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.

Шараның мақсаты білім беру ұйымдарының арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта отырып, тәжірибе алмасуда жаңашылдықты қалыптастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, кәсіби тәжірибені жаңарту, жаңалықтарды қабылдау мен меңгерту.

Семинар барысында спикерлер кезекпен ортаға шығып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

1. “My way of making my dream come true” тақырыбында «Үздік педагог бағдарламасымен» Ә.Мүслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Садаева Д.М

2. «Болашақ» бағдарламасымен С. Толыбаев атындағы атындағы №3 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ердібек М, Мнажев Б

3. «Fulbright tea» бағдарламасымен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Амангелді А

4. «Ағылшын тілін оңай үйрену лайфхактары» тақырыбында №144 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Рысмағамбет Ұ.

Облыстық семинар барысында «IELTS» тест орталығының ашылу салтанатымен жалғасын тапты, тест орталығының жұмыс барысы таныстырылды.

Семинар соңында мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Облыстық оқу орталығының әдіскері Сәуле Асылбекқызы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы сөз алып, семинарды жоғары дәрежеде бағалады. Жас мұғалімдерге сәттілік тілеп, озық ұстаздардың жұмыстарын дәріптеп, бүгінгі семинарда іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерді сертификаттармен марапаттап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: