Жұма, 29 наурыз, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды»: Мемлекет басшысы мұғалімдерді біліктілікке даярлауға шақырды

29.03.2023

498 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сессиясында елімізде мұғалім тапшылығын жою үшін кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайтынын алға тартты. Президент алдағы уақытта білім саласына өзгеріс әкелетін білікті маман даярлауға назар аудару керек екенін тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән беріп, салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет екенін атты.

«Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет”,- деді Тоқаев. 

Президент осыған байланысты тиісті бағдарлама қабылданатынын алға тартты.

“Бізде президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады. Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті»,- деді Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: