Сенбі, 27 сәуiр, 00:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кітапханада қазақ бұлбұлы Күләш Бәйсейітоваға арналған шара өтті

22.11.2022

613 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада қазақтың бұлбұлы, әнші Күләш Бәйсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай өнер сағаты  №197 мектептің  5  сынып оқушыларының  қатысуымен  өтті. Шарада кітапхананың өнерлі жас оқырмандары  Мағауия Меруерт, Ақниет Мұратбекқызы, Нұрсая Марат және Асылжан Төлеутай мен Аяулы Заманхан өз өнерлерін көрсетіп, шараның қызықты өтуіне белсене араласты.

Қазақтың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Күләш Бәйсейітованың туғанына биыл 110 жыл толып отыр. Күләш Жасынқызы 1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1925-1928 жылдары Алматы педагогикалық техникумында білім алады. Түрлі байқаулар мен концерттерге қатысып көзге түскен ол 1929 жылы Алматыдағы қазақтың тұңғыш драма театрына қабылданады.

Талантты Күләш көп кешікпей театрдың белді әртістерінің қатарынан көрінеді. Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін сомдап, сахналық тамаша қабілетімен көптің қошеметіне бөленеді. Кейін 1934 жылы Қазақ музыка театрының шымылдығы «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рөлді асқан шеберлікпен сомдап, Айман бейнесін асқақтатып жібереді. Міне осы кезде Күләш Бәйсейітоваға өнерсүйер қауым «Қазақтың бұлбұлы» деп өз атағын береді. Ал 1934 жылы ресми түрде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі деген бірінші құрметті атағын алады.

                                                                                                                                                           Кітапхананың жас оқырмандары шара аясында қазақтың бұлбұлы, әнші Күләш Бәйсейітованың өмір жолын, қазақ халық әндеріне, сахнаға деген сүйіспеншілігін зор ықыласпен тыңдады. Жас буынның қазақ өнеріне деген құрмет сезімін арттыра отырып, өнер-білім ізденуге шақырған шараға жастар белсене атсалысып, өнерлі жастар қошеметке бөлінді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: