Жексенбі, 19 мамыр, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Листериоз ауруы туралы білесіз бе?

13.09.2023

493 0

Листериоз – адамдар, ауыл шаруашылығы жануарлары және кеміргіштер арасында сирек кездесетін жұқпалы ауру, лимфоидты тіннің және жүйке жүйесінің қатты зақымдануымен, ағзада (негізінен бауырда) спецификалық ісіктердің дамуымен сипатталады.

       Листериоздың қоздырғышы патогенді бактерия Listeria monocytogenes болып табылады, ол өте төзімді және сыртқы ортада кеңінен таралған. Қоздырғышты жұқтыру көздері кеміргіштер, оның ішінде тышқандар, егеуқұйрықтар, су тышқандары, қояндар. Қазіргі уақытта листериоз үй шаруашылығы жануарларында, иттерде, мысықтарда және құстарда байқалады. Жабайы жануарлардың көпшілігінде листериоз ауруының көріністері байқалмайды, бірақ олар қоздырғышты сыртқы ортаға бөледі.

        Бірнеше жұғу жолдары бар:

– алиментарлық жұғу жолы (тағам арқылы) – жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сүт және ет тағамдарын пайдалану, синантроптық кеміргіштермен ластанған көкөністер мен суды пайлану;

– аэрогендік жол – малшаруашылық жайларды тазалау кезінде, құс фабрикалары мен үй жағдайында қауырсын мен мамықты жинау уақытында, ауа – шаң арқылы іске асады;

– жанасу арқылы жұғу  – бұл механизм жануарларға қарау, ет комбинатында өнімдерді өңдеу барысында, сүт зауытында, құс фабрикасында жиі кездеседі;

– вертикальді жұғу жолы сирек кездескенімен, нәтижесі қиындықтарға әкеліп соғады, өйткені іштегі нәрестеге жұғу – түсік тастау, мезгілінен бұрын босану және тоқтап қалған жүктікілікке әкелуі мүмкін.

        Листериоз сирек кездесетін инфекция, алайда иммунитететі әлсіз адамдарда ауыр түрде өтеді және өлімге әкелуі мүмкін. Нәрестелер мен жүкті әйелдер қауіпті топқа жатады.

        Клиникалық белгілері ересектерде баспа, тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, лимфа түйіндердің ұлғаюы, ал процестің асқынуы барысында  сепсис басталады. Жиі кездесетін клиникалық көрінісі – менингит пен менингоэнцефалит болып табылады.

        Алдын алу шаралары:

 – тек термиялық өңделген өнімдерді, әсіресе термиялық өңделген ет, балық, сүт өнімдерін пайдалану;

– көкөністерді, жеміс-жидектерді мұқият жуу;

– тек тексерілген және тазартылған су ішу;

– қол гигиенасын сақтау, шикі етті кесуге арналған пышақ, тақтайларды, қолданылатын ыдыстарды жуу және өңдеу;

– шикі және пісірілген тамақ өнімдерін сақтау кезінде сұрыптау;

– жануарлармен, олардың тері, жүнін ұстайтын, листериозбен ауыратын науқастармен және басқа да тәуекел топтарымен байланыста болатын адамдар жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қажет.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: