Сейсенбі, 07 мамыр, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мейірімді бала – тәрбиеден

14.03.2023

771 0

Сурет ашық дереккөзінен алынды


Баланы жақсылыққа ізгілікке тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор. Балаларға түрлі ойын арқылы ұйымдастыра отырып, оларды қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достыққа тәрбиелеуге болады. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері ұйымдастырған іс-әрекеттерінде өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапасы қалыптасады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық», – деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.

Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік ұйымдастырылған іс-әрекеттерден (ән-саз, бейнелеу өнері, ұйымдастырылған іс-әрекеті) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдидейді, бейнелеу өнері ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.

Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі – оны балалардың өздері жасауында, ал ойын айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.


Г. Әбілдаева,
«Жақсылық» балабақшасының тәрбиешісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: