Сәрсенбі, 27 мамыр, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Мектеп бітіру кештерін мейрамхана мен дәмханаларда тойлағандарды қандай жаза күтіп тұр

27.05.2026

79 0

Фото: pixabay

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 мамырда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мейрамханалар мен басқа да көңіл көтеретін мекемелерде мектеп бітіру кештерін тойлауға салынған тыйымды бұзғандарға не болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұлдыз Сүлейменова білім ордасынан тыс мектепті бітіру кештерін ұйымдастыруға салынған тыйым туралы бұйрық міндетті сипатқа ие екенін атап өтті.

«Аталған бірлескен бұйрықта айыппұл санкциялары қарастырылмаған. Бірақ, егер балалардың құқықтары, балалардың қауіпсіздігі, қоғамдық құқықтық тәртіп те бұзылса, заңнамада көзделген жекелеген нормалар қолданылатын болады. Әкімдіктер мен жергілікті полиция департаменттері айыппұл салуы немесе заңның жекелеген нормаларын қолдануы мүмкін», – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, егер баласының мектеп бітіргенін бір отбасы қоғамдық жерде атап өткісі келсе, бұл ретте ешқандай шектеулер жоқ.

«Бірақ, егер олар лимузиндерді жалдап, үлкен мейрамханаларды жалдап, дүркіретіп жатса, әрине, біз бұл ретте әрекет ету алгоритмдерін бұйрықта нақты көрсетіп қойғанбыз. Оның ішінде қомақты ақша жинауға тыйым салу да бар», деп еске салды Жұлдыз Сүлейменова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: