Бейсенбі, 28 наурыз, 15:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мектеп бітіру кештеріне ақша жинауға болмайды

04.05.2023

720 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді. Кеңесте бөлім басшысы оқушыға мектеп ішінде жағдай жасалу, мектеп бітіру кешіне ақша жиналмау керегін қатаң ескертті. Сонымен қатар, мұғалімдердің сағаты дұрыс бөлу қажеттігін де тілге тиек етті.

Қатаң түрде ескертетін жәйт, мектеп бітіру кештерін өткізу барысында бітірушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажет, бітіру кештерін міндетті түрде мектеп қабырғасында және ауласында өткізу, шараға бітірушілердің мектеп формасымен қатысуын және барынша қарапайым түрде өткізілуін қамтамасыз ету жүктеледі. Сонымен қатар үйлер мен ресторандарда, басқа да ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кештерін өткізу және бітірушілердің автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеу, бітірушілердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында медициналық, өрт қызметтері, ішкі істер органдарымен бірлесіп шаралар қабылдау және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру үшін ана-аналардан ақша жинамауды, ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар берілуіне жол бермеуді және шараларды мектептің қолда бар мүмкіндігімен ұйымдастыру керектігі ескертіледі. Сондай-ақ, табиғат аясына серуендеуге, өзен, көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне тыйым салу және төтенше жағдай бөлімдерімен бірлесіп кезекшілік ұйымдастыру, бітірушілер, ата-аналар және педагогтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесіп белсенді түрде жүргізу керек, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

Жиында мектеп директоры Гауһар Рүстемқызы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

–Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 1489 оқушы білім алуда. Мұғалімдердің біліктілік санаты бойынша педагог – зерттеуші – 38, педагог –сарапшы – 52, педагог – модератор- 39, І санатты мұғалім саны- 1, ІІ санатты мұғалім саны- 1 мұғалім оқушыларға білім беруде.

«Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, 7 сынып оқушысы Амангелді Мейіржан облыстық кезеңде 3 орын иеленді. Облыстық «Дарын» ғылыми жобалар байқауында 10 сынып оқушысы «Этномәдениеттану» бағыты бойынша 3 орын, 11 сынып оқушысы «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша 3 орын иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиада бойынша жалпы 10 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушыларымыз қала, облыс көлемінде өткізілген түрлі байқауларға, пәндік олипиадаларға тұрақты түрде қатысып келеді. Қала көлемінде оқушыларымыз барлығы 52 байқауға қатысып жүлделі орындарды иеленсе, оның 11-і облыстық кезең бойынша жүлдегерлер атанды. Биылғы оқу жылында мектебімізде облыс, қала көлемінде семинарлар болып өтті. Облыстық оқу орталығының және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиетінің алтын жұлдызы- Ғабит Мүсірепов»атты облыс, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақ тар мен сыныптан тыс шаралар, шебер сынып көрсетіп, арнайы сертификаттармен марапатталды, – деді мектеп директоры.

Ерлан Теңізбайұлы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: