Жексенбі, 23 маусым, 05:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Мектеп бітіруші түлектер жантүршігерлік жол апатына ұшырады

26.05.2024

583 0

Сурет:massaget.kz

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан үш адам дене жарақатын алды, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: