Жексенбі, 28 сәуiр, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқушылары бір-біріне әлімжеттік көрсетуде

15.02.2024

485 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Жасөспірімдердің мектеп дәлізінде бір-біріне әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соққан видеосы тарады. Оқиға Атыраудағы мектептердің бірінде қоңырау кезінде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде тараған видеодан оқушының дәлізде тұрған екінші оқушыға барып, сөйлескені көруге болады. Кейін бұл оқушы кетіп бара жатқан жерінен қайта айналып келіп, тұрған баланың бетінен аяғымен теуіп жіберген. 

Сонымен қатар жазбада оқиғаның Атырау қаласының №42 мектебінде болғаны айтылған. Тіпті бұл мектепте оқушылар арасында әлімжеттік барр деген де мәліметтер таралды.

Желі қолданушылары: “Ата-анасын жазалау керек”, “Теуіп соғып тұрған баланы оқудан шығаруын талап ету керек. Ата-анасы өздері үйінен оқытсын”, “Демек ата-анасы да сондай, мұндайлардың қолын сындыру керек”, “Жәбірленген балаға моральдық шығын төлесін”, – деп пікір қалдырды.

Бұл оқиғаға қатысты Stan.kz тілшісі сұрауына Атырау қалалық білім бөлімі жауап беріп, мектепте әлімжеттік фактілері анықталмағанын мәлімдеді. 

“Атырау қалалық Білім бөліміне қарасты «№42 Нұрлан Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 2024 жылдың 12 ақпанда сабақтан соң 19:20 шамасында оқушылар арасында келіспеушілік болған. Желіде тараған видеодағы екі сыныптың оқушысы бір-бірінің сөздерін көтермей, келісе алмай қалған. Мектепте ешқандай ақша сұрау, бопсаулау, әлімжеттік жасау фактісі анықталған жоқ. Ата-аналармен де, оқушылармен де түсіндірме жұмыстары жүргізілуде”, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова. 

Бөлім басшысы бүгінде мектепте әлімжетік пен бопсалауға, кибербуллингтен қорғану туралы сынып сағаттары өткізіліп жатқанын алға тартты. 

“Аталған факт бойынша құқық бұзушылыққа жол бергендер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. 12 жастағы оқушы әкесінің арыз шағымы бойынша 2011 жылы туған жасөспірімнің заңды өкіліне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама жасақталып сот-медицалық сараптамасы тағайындалды”, – деді басқарма башсысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: