Жексенбі, 19 мамыр, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Мектептегі демалыс қысқара ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

12.12.2022

517 0

Қазнетте келесі оқу жылы 2023 жылғы 1 қыркүйектен емес, 20 тамыздан басталатыны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазіргі кезде қаралып жатқан жаңа нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, Қазақстанда оқу жылы ресми түрде 20 тамызда басталады деп жазып жатыр.

Оқу-ағарту министрлі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ, оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күн болады (кібісе жылды қоспағанда). Талқыланып жатқан құжат жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді. Бұған дейін осы мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған болатын. Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген норма шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: