Сейсенбі, 21 мамыр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

 «Менің әкем – ең жақсы адам» 

29.04.2024

262 0

Бүгін Көмекбай Қаракөзов атындағы № 235 мектеп-гимназиясында «Менің әкем-ең жақсы адам» атты шарасы өтті.  

Шараға 5-6 сынып оқушыларының әкелері мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер қатысты.Себебі биыл әлемді дүр сілкіндірген Чернобыль апатына 38 жыл. Осыған орай 1986 жылы сәуір айында қаза тапқан батырларды еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Сонан соң  ардагерлер оқушыларға Чернобыль оқиғасын айтып берді.

Сонымен қатар  шара «Тірек» әкелер мектебімен жалғасты. Онда 5-ші сынып оқушыларының әкелерінен сұрақ-жауап алынды. Сол арқылы баланы ең алдымен  білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие берудің маңыздылығы түсіндірілді.

Шара соңында оқушылардан құралған «Адал ұрпақ» командасы ардагерлер мен ардақты әкелерге жылы лебізін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: