Жексенбі, 28 сәуiр, 14:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Мұқағали мәңгілік ғұмыр»

09.02.2024

259 0

Қызылорда қаласы А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай музыка пәні мұғалімі Төлеутаева Ләззат Сүйінтайқызының ұйымдастыруымен «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Өнерпаз оқушылар ақынның сөзіне жазылған «Көгершіндер әні» (Н.Тілендиев), «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» (Н.Тілендиев), «Саржайлау» (Н.Тілендиев), «Отан» (М.Оразбаев), «Үш бақытым», «Шәлкөде» (М.Оразбаев), «Досым саған сенемін» (Б.Түзелбекова), «Бақыт деген» (Б.Жұмалин), «Наурыз думан» (Т.Сарыбаев), әндерін нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін көрсетті.

Кеш соңында ұстаздар ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін орындады. Әннің авторы, жерлесіміз, ақын, композитор Елена Әбдіқалықова. Кітапханашылар «Үш бақытым» атты ақынның кітаптарынан көрме жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: