Жұма, 19 сәуiр, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев жаңа университет құратынын жариялады

29.04.2021

1569 0

ҚХА-ның онлайн-сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жаңа университет құрылатынын жариялады.

Жаңа университет Алматыда салынуы мүмкін.

«Зияткерлік мектептер барлық аймақтарда құрылды – барлық ауылдардан – кішкентай, алыстағы – дарынды балалар бұл мектептерге кіріп, білімнің озық үлгілерін көрсетіп, олимпиадаларда жеңіске жетеді. Ал шыңы – Астанадағы университет.

Алғаш рет мен келісім бердім. Университетке менің есімімді бергенін құптадым. Өйткені оның беделді болғанын қаладым. Ол қазір беделді, әлемге танылған оқу орны. Енді біз тағы бір жасанды интеллект университетін салғымыз келеді. Мүмкін біздің балаларымыз Алматыда оқитын болады», – деді Назарбаев.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Назарбаевқа ҚХА-да жаңа мәртебе беруді ұсынды. Назарбаев өзінің ҚХА төрағасы ретіндегі өкілеттіктерін Тоқаевқа өткізіп жатқанын айтты. Осыған дейін Назарбаев қазақ тілін үйренгісі келетіндерді қолдау қажет екенін айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: