Дүйсенбі, 06 мамыр, 03:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

NIS ауыл мектептерінде қолайлы оқу ортасын құруда

20.09.2023

434 0

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің мұғалімдері Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ұстаздарына әдістемелік қолдау көрсетті.

NIS-тің пән мұғалімдері ауылдағы әріптестерінің сабақтарына қатысып, сабақты жоспарлау, оқушыларды бағалау, кері байланыс беру іс-әрекеттеріне бақылау жүргізді. Сондай-ақ, ұстаздардың қиындықтары бойынша жеке кездесіп, кеңестер берді.

«Бүгінгі кездесу білім беру үдерісіне диагностика жасап, қажеттіліктерін айқындауға бағытталды. Соның нәтижесінде алдағы уақытта ұстаздарымыз арнайы шеберлік сыныптар ұйымдастырып, қажетті дағдыларымен бөлісетін болады. Сонымен қатар, бірнеше оқу тағылымдамалары өткізіліп, ауыл мұғалімдерінің біліктілігін көтеру, жаңартылған материалдық-техникалық базаның мүмкіндіктерін көрсету бойынша үздіксіз жұмыс жасайтын боламыз», – дейді Қызылордадағы Зияткерлік мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов.

Қала мен ауыл мектептерінің білім жүйесіндегі алшақтықты азайту және білім сапасын көтеру мақсатында облысымызда бірнеше тірек мектептер таңдалып алынды. Өткен жылы Арал ауданындағы №62 мектеп-лицейінде жүзеге асқан бағдарламаға биыл Қармақшы ауданындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі мен Жаңақорған ауданындағы №286 жалпы білім беретін мектеп қосылды. Олар «Қазақстан халқына» және «Білім беруді тұрақты дамыту» қорлары арқылы толықтай жаңғырудан өтуде. Аталмыш білім ордаларында барлық оқу кабинеттері мен зертханалар заманауи техникалармен жарақтандырылып, оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңдары ашылуда.

«Алдағы уақытта NIS ұстаздары мектебіміздің мұғалімдерімен тығыз бірлескен жұмыс жасап, қолайлы оқу ортасын құруға өз септігін тигізетін болады», – дейді ауыл мектебінің басшысы Гүлжахан Мұнарбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: