Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

01.06.2024

174 0

Қазір тұрғындарды ауа райындағы өзгерістен хабардар етудің жолы көп. Жаз шығып, күн қыза бастағаннан қалтамыздағы ұялы телефонға өрт қауіпсіздігі туралы хабарламаның келуі жиілейді. Бірақ көпшілігіміз осыған мән бере бермейміз. Күн райын бақылап отырған мамандар биылғы жаз ыстық болатынын айтады. Бұл осы мезгілде өрт қаупі де жоғарылай түсетінін көрсетеді. Мұндайда қызыл жалын тез тұтанатынын ұмытпаңыз. Сөндірілмеген темекі, дұрыс жалғанбаған электр сымдары айналаны демде көк түтінге көмуі мүмкін. Әсіресе бала қолындағы сіріңке мен тез тұтанғыш заттар аса қауіпті. Сондықтан да мұндай заттарды көрінетін жерде қалдырмаңыздар, балаларға тұрмыстық электробұйымдарды дұрыс қолдануды үйретіп, оларды қолдану ережелерін түсіндірген жөн. Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігіміз екенін ұмытпайық.

 Қазыбек ОСПАНОВ,

Қызылорда қалалық №5 өрт сөндіру

 бөлімінің қарауыл бастығы,

азаматтық қорғау майоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: