Сейсенбі, 26 мамыр, 17:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Оқулықтар Конституцияның жаңа нормаларымен толықты

26.05.2026

62 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа оқулықтарды әзірлеп, оларға жаңа Конституцияның нормалары енгізілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 2026 жылы 2, 3, 7, 8 және 9-сыныптардың оқу бағдарламалары жаңартылады. Жаңа оқулықтарға жаңартылған Конституцияның нормалары мен құндылықтары енгізілген.

— Преамбуладан бастап қамтылды. Сондай-ақ адам капиталын дамыту, мемлекеттік қызметтегі стратегиялық тәсілдер, білім мен ғылымды дамыту туралы айтылатын 3, 33, 41-баптар және өзге де баптар көрініс табады. Осы бағыттардың барлығы 1–11-сыныптар аралығындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына енгізіледі, — деді спикер Үкіметтегі брифинг барысында.

Сонымен қатар цифрлық сауаттылық пәнінің бағдарламасына жасанды интеллект тақырыптары енгізіледі. Аталған оқу модулі бастауыш сынып оқушылары үшін де қолжетімді болады.

— Бұған дейін бізде тек цифрлық сауаттылық болса, енді жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттары қосылады — барлығы 12 сағат. 5-9-сыныптарда цифрлық сауаттылық пен информатика пәндері де жаңартылып, жаңа тақырыптар, жаңа мақсаттар және бақылау жұмыстарына арналған жаңа тәсілдер енгізіледі, — деп толықтырды Жұлдыз Сүлейменова.

Еске салсақ, оқу бағдарламаларының және оқулықтардың мазмұны қайта қаралған еді.

Сонымен қатар елімізде оқулықтарды дайындау және бақылау тәртібі жаңартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: