Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушы мектептің 4 қабатынан секіріп кетті

18.04.2024

403 0

Сурет: el.kz

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға №72 мектеп-лицейде болған. Оқушы көптеген дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында, – деп елорданың білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: