Дүйсенбі, 06 мамыр, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Отбасылық сайыс оқушыны жігерлендіреді

14.12.2022

856 0

Қаладағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді. Ондағы мақсат – оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмірге дағдыландыру, эстафеталық ойынға деген қызығушылығын арттыру болып табылады.


Сайысқа 2 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Әр сыныптан құралған отбасылық топ өз тобы үшін бақ сынасты. Алты кезеңнен құралған ойында қатысушылар ұрандарын таныстырып, екі кезеңде кедергілерден өтіп эстафета тапсырды. Ал төртінші кезеңде аяқ арасындағы допты түсірмей жеткізуден, 5 кезеңде қаппен секіруден жарысты.
Ал соңғы кезеңде арқан тартыс ойыны өтіп, әр топ өз күштерін сынады. Тартысты өткен сайыс қорытындысымен үш отбасылық топ жеңімпаз деп танылды. Нәтижесінде І орынды 2 «Б» сыныбы алса, ІІ орынға 2 «Р», ІІІ орынға 2 «И» сыныбы ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: