Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Педагогика саласының ардагерлері құрмет төрінде

03.10.2022

640 0

Білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім берген білім саласының ардагерлерін құрметтеу – басты парыз.

Осы қағиданы берік ұстанған облыстық білім басқармасы және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті бірлесіп қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні мерекесі және 1 қазан – Қарттар күніне орай Сыр өңіріндегі білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.

Ардагер ұстаздардың басын қосқан жиында 10 мерейтой иесіне және зейнетке шыққан 7 ұстазға бағалы сыйлықтар табысталып, облыс бойынша 50 ардагер ұстазға шипажайға тегін жолдамалар берілді.

​Басқосуда басқарма басшысы Мейрамбек Шермағанбет ардагер ұстаздарға мерекелік ыстық ықыласы мен мерекелік тілегін білдірді.

Өз кезегінде ардагер ұстаздық қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, шараны ұйымдастырған басқарма ұжымы мен кәсіподақ комитетіне жылы лебіздерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: