Жұма, 19 сәуiр, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда биыл 17 жоғары оқу орны жабылмақ

24.04.2023

520 0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 17 ЖОО жабылудың алдында екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы министр журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты. 

«Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде»,- деді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, ЖОО талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.

«Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз», – дейді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: