Жексенбі, 05 мамыр, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді 

12.04.2024

280 0

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ға тең. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленіп жатыр.

«Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен талдауды пайдалана отырып өткізеді. Сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімін жетілдіреді», – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова. 

Бұдан бөлек робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектепте заманауи кабинеттер жабдықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: