Жұма, 03 мамыр, 23:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Технологиялар және инновацияларды қолдау орталығы» ашылды

23.04.2024

226 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтіп жатқан «Әлемді ғылым құтқарады-2024» атты Ғылым айы аясында ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының келісімімен «Технологиялар және инновацияларды қолдау орталығы» ашылды.

Бұл орталық Қазақстанда «Технологиялар және инновацияларды қолдау орталығы» желісін құру Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бастамасымен жүзеге асырылып отырған халықаралық жоба.

Аталған орталық өңіріміздің инновациялық дамуына, зияткерлік қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру үшін патенттік және ақпараттық қолдау көрсетіп, ресурстармен қамтамасыз етуге, университет ғалымдарына бизнес-тұжырымдамаларды, бизнес-жоспарларды, ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша басқа да құжаттарды әзірлеуде, зияткерлік меншікке патент, пайдалы модельдер, авторлық куәлік алуға өтінім беруде көмек көрсететін болады.

Іс-шара республикалық конференцияға ұласты. Жиында патент, авторлық куәлік, пайдалы модель секілді зияткерлік меншікті қорғау құжаттарының маңыздылығы, тиісті құжаттарды рәсімдеу, тапсырыс беру, ұйымдастыру, сүйемелдеу жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Онда «Qazpatent» Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары Айдын Артықова, «Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер» департаментінің басшысы Алтынай Батырбекова жиынға онлайн қосылды. «Патенттік зерттеулер және технологиялар мен инновацияларды қолдау» орталығы үйлестіру бөлімінің басшысы Назифа Бақтыбаева, Тауар белгілері, географиялық көрсеткіштер, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары сараптама басқармасының бас сарапшысы Арайлым Ильясова қатысып баяндама жасады.

«Соңғы бес жылда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдары 54 патент, 20 авторлық куәлік және 2 халықаралық куәлік алды, «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының» ашылуы біздің бұл көрсеткіштердің санын арттырып, инновациялық инфрақұрылымның элементі ретінде өнертапқыш-инноваторлармен, бизнес-қауымдастықпен, жас ғалымдармен, жас өнертапқыштармен байланыс орнататын «Алтын көпір» болатынына сенімдімін» деп атап өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Басқарма төрағасы–Ректор Бейбіткүл Каримова

Сонымен қатар, «Qazpatent» Ұлттық зияткерлік меншік институты, «Патенттік зерттеулер және технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы» үйлестіру бөлімінің басшысы Назифа Бақтыбаева «Пайдалы модельге және өнертабысқа патент беруге өтінімді рәсімдеу» және «Патенттік деректер базасында іздеу жүргізу: patentscope, espacenet» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг жұмысына жергілікті кәсіпкерлер, университет ғалымдары, білім алушалары қатысып мол мағлұмат алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: