Бейсенбі, 02 мамыр, 10:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деген алаяқ ұсталды

22.10.2022

677 0

Қызылордада ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп тұрғынды алдап соққан алаяқ ұсталды

Қызылордада ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған. 

Тұрғынның айтуынша, биыл мамырда күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, екі миллион теңге қаражатын иемденген.

«Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

47 жастағы күдікті азаматшаға жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: