Жұма, 03 мамыр, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық оқушыны Лондондағы көрмеге қатысуға шақырды

13.09.2022

492 0

«Мансап» мектебінің 10-сынып оқушысы Яна Ким Лондондағы «Golden time talent» халықаралық суретшілер көрмесіне шақырту алды.»Golden time talent» – бұл әлемнің 39 елінен 7 жастан 60 жасқа дейінгі суретшілер қатысатын ауқымды байқау. Ол бейбітшілік және халықтар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған арт-мәдениетті насихаттауға арналған.Бұған дейін Яна 1-4 тамыз аралығында Көкшетаудағы «Балдәурен» лагерінде өткен республикалық суретшілер байқауында гран-при жеңіп алып, 250 мың теңгенің сертификатын алған болатын. Ол сондай-ақ Түркияда өткен «Түркияның күн сәулелі үйі» халықаралық суретшілер байқауына жолдама жеңіп алып, гран-при иегері атанды. Енді оқушы жылдың желтоқсан айында Египеттегі халықаралық байқауға қатыспақ. Сарапшылар оның туындыларын жоғары бағалап, мектеп оқушысын Лондондағы «Golden time talent» халықаралық суретшілер көрмесіне шақырды.Қатысушылардың жұмысын 60-тан астам қазылар алқасы бағалайды, оның құрамында ЮНЕСКО өкілдері, әлемнің әртүрлі елдерінің үздік суретшілері бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: