Дүйсенбі, 15 сәуiр, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

«Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы»

09.02.2024

215 0

Театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына – 110 жыл толуынаорай «Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы» тақырыбында Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп базасында аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыс жастардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлауды және өз ұстанымын білдіруді үйретеді. Сонымен қатар жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді. Ашық пікірсайыс турнирінің мақсаты – жастар қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету, нақты мәселелерді шешу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриотизмді дамыту жұмыстарын кеңінен насихаттау.

Пікірсайыс турнирінің нәтижесінде жүлделі жүлделі ІІІ орынды Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің «Аристократ» фракциясы мен Б.Шалғынбаева атындағы №217 ІТ мектеп-лицейінің «Sarymaq» фракциясы иеленді. Ал, ІІ орынды М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің «Шоқай ұландары» фракциясы лайық деп танылды. І орынды №39 «Қызылөзек» орта мектебінің «Эверест» фракциясы иеленді.

Қызылорда қалалық білім бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: