Жексенбі, 05 мамыр, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Шаһар басшысы білім беру ұйымдары мен полиция жұмысын қатаң сынға алды

15.02.2024

93 0

Бүгінде полиция мен білім беру ұйымдары қатігездік пен жәбірлеудің, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіруде әлсіздік танытып отырғаны белгілі. Салдарынан мектеп оқушылары арасында жайсыз оқиғалар орын алуда.

Осы мәселеге байланысты өткен жиында қала әкімі Серік Қожаниязов білім беру ұйымдары мен полицияның жұмысын қатаң сынға алды.

«Орын алған оқиғалар білім бөлімі мен ювеналды полиция, мектептердің тиісті дәрежеде бірігіп жұмыс жасамауының салдары. Бұл – шұғыл шараларды талап ететін алаңдатарлық жағдай. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның шұғыл отырысын өткізуді тапсырамын. Комиссия төрағасы жіберілген кемшіліктер бойынша және нәтижелі жұмысы жоқ лауазымды тұлғалардың қызметіне талдау жасасын. Қорытындысы бойынша жауаптылардың атқарып отырған лауазымдарынан босату мәселесін қарайтын боламын», – деді Серік Салауатұлы.

Бәрінен де маңыздысы – бала қауіпсіздігі, сондықтан нәтиже беретін жұмыстарды қолға алу керек. Себебі, жалған ұран мен тек есеп беруге негізделген тәрбие сағаттары, профилактикалық шаралар жағдайды реттемейтіні анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: