Дүйсенбі, 24 қаңтар, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (1811)
22.01.2022
PDF мұрағаты

Спортшылар марапатталды

17.06.2021

372 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы өз мәресіне жетті. Еліміздегі 100–ден аса жоғары оқу орны ішінен, 60 университет өз студенттеріне  шараға қатысуға жағдай жасап, додаға қосты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің арманына қанат байлап барған спортшылары үмітті ақтап, жалпы командалық есепте БЕСТІККЕ кірді.

Университетте студенттер үшін 11 спорттық секция жұмыс жасайды. Оқу ордамызда Әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының – 27, Қазақстан чемпионатының – 120 жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда.

«Спорттың 20 түрінен 136 спортшымыз жарыста бақ сынады. Нәтижесінде біздің қоржынымызда 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль бар. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді. Бұл университетте жүйелі түрде спортшыларды жан-жақты қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Жеңімпаздар елдің құрама командасы сапында 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысуға жолдама алды. Студенттер арасында №1 спорттық шарада Университетіміздің абыройы асқақтады. Бұл ортақ абырой, ортақ жеңіс! Көк туымыз көкте желбірей берсін!» – деді Университет Ректоры, Бейбіткүл Сарсемханқызы.

          Спортты жанына серік еткен жастарды намысты додаға әзірлеп, шаршы алаңда намысты қолдан бермеген ұстаздар қауымына, жаттықтырушыларғаректор арнайы алғыс білдірді.

Ұлықтау рәсіміне «Құрмет» орденінің иегері, қазақша күрес бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, университетіміздің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы және Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы қатысты.

Универсиадаға қатысып, жүлделі орын алған спортшыларымыз алдағы уақытта қаржылай ынталандырылады. Ұлықтау рәсімінде барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға университеттің арнайы төс белгісі табысталды. Сондай-ақ, Білім және Ғылым Министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Алғыс хатымен бапкерлер мен төрешілер және команда жетекшілері марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: