Жұма, 29 наурыз, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

28.10.2022

633 0

Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Ердәулет Қалиев бар.

Байқау жеңімпаздарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан дипломдар табысталды.

 Эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатысты сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, жастардың ұлттық сана-сезімін дамытуға бағытталған. Республика күні қарсаңында байқау жеңімпаздарын жоғары оқу орындарының ректорлары марапаттады. Ал сіздердің жұмыстарыңыз үздіктердің үздігі болып таңдалды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге сәттілік пен жетістіктер тілеймін! – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кету керек, Ердәулет Қалиев – Қорқыт ата атындағы Қызылода университетіндегі «Журналистика» мамандығының студенті.

 Қоғамдық шараларға белсене қатысатын Ердәулет Сәрсенұлы осы кезге дейін XIV республикалық пәндік олимпиадада – ІІІ орын, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған үздік ғылыми жобалар байқауында – І орын, GoSkiLLz- әлеуметтік желілерге арналған сапалы контент өндіру мен нетворкингке ден қою тәсілдері семинар-тренинг аясында өткізілген байқауда жеңімпаз атанған.

                                              Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: