Жексенбі, 05 мамыр, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Оқырман ана»

15.03.2024

506 0

Ә.Молдағұлова атындағы 173 орта мектебінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында “Оқырман ана” тақырыбында сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту. Ата-аналармен мектеп кітапханасының тығыз байланыста болып ынтымақтастық құру, өскелең ұрпақтың сауатты болуына септігін тигізу.

Сайысқа 5-10 сынып оқушыларының аналары қатысты. Сайыс үш кезең бойынша өтті. Сонымен қатар аналар өздері оқыған кітаптар бойынша таныстырып, сұрақтарға жауап берді, өздері оқыған кітаптарды оқырмандарға насихаттады.

Сайыс қорытындысы жасалынып, кітап оқыған оқырман ана іріктеліп, “Ең үздік оқырман ана” мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Л.Омарова

Ә.Молдағұлова  атындағы

№173 орта мектебінің  кітапхана меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: