Жексенбі, 06 қазан, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада апатты мектептер санын азайту мақсатында жаңа мектептер құрылысы қарқынды жүруде

10.09.2024

268 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу жылына сапалы дайындығын ұйымдастыру мақсатында Қызылорда облысының білім, денсаулық сақтау, құрылыс және қала құрылысы басқармалары және Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылғы 8 тамыздағы «Мектептердің жаңа 2024-2025 оқу дайындығы мен мектептердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізу, ақпараттық түсіндірме, әдістемелік – тәжірибелік көмек көрсету туралы»   бірлескен бұйрығы негізінде облыстық, аудандық жұмысшы топтар құрып, облыстағы 305 мектептің дайындық барысына зерделеу, бағалау және ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Департаменттің аумақтықбасқармалар бақылауында 343 жалпы білім беру ұйымдары бар, оның 331 мектеп,  12 мектеп-интернат.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәліметіне сәйкес апатты жағдайдағы және тығыздылығы қалыптан жоғары мектептер мәселесін шешу мақсатында республикалық, жергілікті бюджет есебінен 8400 орынға 19 мектептің, оның ішінде   «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 10 мектептің  құрылысы  жүргізілуде.

 Арал ауданында 4 мектеп – апатты жағдайдағы №248мектеп үшін 100 орындық, «Ақшатау» НМ үшін 60 орындық мектеп құрылысы жеке демеуші есебінен жүргізілуде және «Жайлы мектеп» аясында  әр қайсысы 300 орындық Арал қаласы, Сексеуіл кентінде жаңа мектеп, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында апатты жағдайдағы №94 мектеп үшін 300 орындық жаңа мектеп, Қармақшы ауданында №284 мектеп-интернат ғимаратына қосымша спорт зал құрылысы, Шиелі ауданы, Жансейт ауылындағы №133 мектеп үшін 100 орындық жаңа мектеп, Шиелі кентіндегі №252 мектепке 375 орындық оқу ғимаратының қосымша құрылысы, Жаңақорған ауданында 5 мектеп Майбекет мөлтек ауданында 300 орындық жаңа мектеп,  «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Байкенже аулындағы №193 мектеп үшін 150 орындық және Жаңарық ауылындағы №167 мектеп үшін 300 орындық жаңа мектеп және Қызылорда қаласында 6 мектеп сол жағалауда 300 орындық жатақханасы бар 400 орынға арналған физико-математика бағытындағы мектеп-интернат,  «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 5100 орынға   «Сол жағалау», «Арай», «КБИ», «Қызылжарма», «СПМК-70» мөлтек аудандарында 5 жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданындағы және №54,255 негізгі мектепке асхана, спорт залы, оқу ғимараты және Қызылорда қаласындағы  С.Сейфуллин атындағы №4 мектепке асхана, оқу корпусының қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңа 2024-2025 оқу жылына 6 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

           Облыстағы 8 мектепке – Жалағаш ауданындағы №33,Сырдария ауданындағы №132, Жаңақорған ауданындағы №163 және Қызылорда қаласындағы №211,212,217, 222, 253 оқу орындарына күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді, қалған 318 мектепте ағымды жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Дегенменде облыстағы 4 мектеп Қармақшы ауданындағы №29,105,108 және Шиелі ауданындағы №45 мектеп апаттық ғимаратта орналасқан. Оларды жою бойынша тиісті жұмыстар жоспарланып, ұйымдастырылуда.

Санитариялық қағидалар талаптарына сай келмейтін, оқу сыныптары жеткіліксіз, асхана, шеберхана, спорт залдары жоқ, бейімделген ғимаратта орналасқан 14 мектеп үшін бірінші кезекте заманауй талапқа сай, типтік жобадағы жаңа мектеп құрылысын қажет етеді.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жаңа 2024-2025 оқу жылына 8 мектептің сыртқы дәретханаларды ішке кіргізу жұмыстары жүргізілген. Тек Сырдария ауданындағы  мектептерде  ішкі дәретханалар санитариялық қағидалар талабына сай қабырға арлықтарға бөлініп, еден-қабырғалары кафельденіп, ер балаларға арнайы қондырғылар (писсуар) орнатылған. Жаңадан берілген типтік жобадағы 10 мектепте ішкі  дәретханалар аспаптар саны  жеткілікті  болғанымен,  судың үзіліспен берілуіне байланысты әлі де пысықтауды қажет етеді.

Жүргізілген мониторинг нәтижесімен санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге арнайы қызметтік хаттар жолданды. Мектеп оқушыларының санитариялық-эпиемиологиялық саламаттылығы ұдайы назарда болады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: