Сенбі, 04 мамыр, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Студенттердің шәкіртақысы екі есеге артады – Тоқаев

26.10.2022

473 0

Республикалық қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке кандидат ретінде сөз сөйлеп, білім беру мекемелеріне қатысты жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауда жеңіп шықса, білім беру ордаларына жағдай жасайтынын атап өтті.

«Колледждер, мектептер, балабақшалар дабыл түймелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталады. Студенттердің шәкіртақысы екі есе артады. Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізе алады», – деді кандидат Тоқаев.

Оның айтуынша, әр оқушыға оқу материалдары қолжетімді карта беріледі, соның көмегімен төлем жасап, оқу ордасына кіре алады, есесіне ауыр сөмке арқаламайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: