Дүйсенбі, 06 мамыр, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Студенттік ғылым-2024»

26.04.2024

277 0

   "Әлемді ғылым құтқарады" атты ғылым айы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында  «Студенттік ғылым-2024» ХХVІ дәстүрлі студенттік ғылыми конференциясы өтті.          

Конференцияда алғы сөз алған университетің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру, бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру жобалары аясындағы ғылыми жобаның орындаушыларына алғыс білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конференцияның пленарлық мәжілісіне “Білім Ыбырай” қоғамдық қорының директоры Нұрбек Серікбаев, аталған қор өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Студенттер бүгінгі күні өзекті тақырыптарда баяндамалар жасады.
Конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін Х-22-1 оқу тобының студенті Арслан Сағындық, ТПП-21-1 оқу тобының студенті Жанар Ағаділ, Фин-21-1 п/я оқу тобының студенті Давид Цой, ХТО 21-1 оқу тобының студенті Айым Бауыржанқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш байқаудың университетішілік I-кезеңінде жүлделі орын алған жастарға диплом және «Білім Ыбырай» қорының қаржылай сыйлығы табыс етілді.
Мұнан бөлек, студенттік үйірмелердің ғылыми шығармашылық жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: