Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ғылыми орталық ашылды.
Орталықтың негізгі мақсаты – уәкілетті органға талдамалық жұмыс, қоғамдық мониторинг пен ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы дамытумен, салалас халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын пысықтаумен айналысады.
«Бұл орталық оқу орны ғалымдары мен білім алушыларының ғылыми әлеуетін кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермек.Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар жасау, комплаенс-офицерлерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру сияқты ғылыми ұсыныстар беру жоспарда бар.Үлкен сенім әрі жауапкершілік жүктеген орталықтың қызметі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жетілдіруге жаңа серпін береді деп сенемін»,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова.
Басқосуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев, департамент басшысының орынбасары Бақытжан Ниязов, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!