Сенбі, 18 мамыр, 06:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Сыр жастары көш басында

15.12.2022

696 0

Елордада «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жылдың ең үздік студенттерін анықтауға арналған жарысқа облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары қатысты. Ал Қызылорда облысы бойынша 10 студент бақ сынап, алғаш рет 7 қатысушымыз үздіктер қатарынан көрінді.

Қазалы аграрлы-технкалық колледжі – Ақжолов Рамазан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Жақсылық Ақбөпе;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Мамзада Аружан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Мустафаева Гүлжан;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Өмірзақ Дидар;

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – Серикова Аяжан;

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі – Өсербай Мади.

Республикалық конкурс талантты жастарды, жұмысшы біліктіліктерін және білім, дағды мен дарын арқасында жетістікке жеткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін қолдау мақсатында өткізіледі. Жоба жеңімпаздары еліміздің ірі кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Барша жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз! Сыр жастарының әркез мерейі үстем болсын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: