Дүйсенбі, 26 ақпан, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Сырттай оқуға болатын мамандықтарға өзгерістер енгізілді

17.10.2022

566 0

Білім министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен сырттай және кешкі білім беру, сондай-ақ экстернат нысанында алынатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарына бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, физика-математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелер, химия техникасы, электротехника, механика және металл өңдеу, өңдеуші және өңдеу өнеркәсібі сынды бірқатар мамандық тізімнен алынды.

Енді сырттай оқуға рұқсат етілетін мамандықтар:

  • кітапханашы;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технологиясы;
  • технолог, электрик, жылу энергетикасы, электромеханик, металлург және т.б.;
  • агроном, бригадир;
  • тасымалдауды ұйымдастырушы;
  • фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
  • спорт жаттықтырушысы;
  • цирк, хор, академиялық, дәстүрлі және эстрада әншілері мен осы саладағы ұстаздар.

 Бұйрық 25 қазаннан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: