Жексенбі, 08 желтоқсан, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Тәжірибесі мол тәжірибе алаңы

15.01.2022

1496 0

2022 жылдың 2-5 қаңтар күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажайында шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың облыстық «Тәжірибе алаңы – 2022» өткізілді.

Тәжірибе алаңының мақсаты – ұстаз мәртебесін көтеру, облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау, тарату.Облыстық тәжірибе алаңына қаламыздан 9 ұстаз қатысты. Төрт күнге созылған білім бәсекесі мен мәдени-спорттық шараларда ұстаздарымыз оқ бойы озық екендерін көрсетті. Атап айтсақ, «Үздік тренинг – 2022» кәсіби байқауында №222 және №261 мектептердің математика пәні мұғалімдері Қожантова Алия мен Ахметова Ақтолқын І орындарды иеленсе, озық идеялар аукционында №3 мектептің информатика пәні мұғалімі Әбу Асқар өзінің тың идеясымен ерекшеленіп І орынды қанжығасына байлады.

Сондай ақ, спорттық шараларда, үстел теннисінен №261 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Оспанов Қуаныш ІІ орын, ал шахматтан Абай мектебінің математика пәні мұғалімі Ережепов Нұрдос ІІ орын, кіші футболдан ер ұстаздардан құралған команда ІІІ орынды иеленді.

Тәжірибесі мол тәжірибе алаңы

Шығармашыл ұстаздарымыз мәдени шаралардың да үздігі бола білді. Жайдарман командалық әзіл-қалжың сайысында ұстаздарымыз І орыннан көрінсе, қазақтың төл өнері айтыста №101 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, ақын Айтбай Мөлдір Шиелілік ұстазына жол беріп, ІІ орынға ие болды.

«Жалпы білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда №198 орта мектептің математика-информатика пәнінің мұғалімі Жаугашарова Айдана баяндама оқып, конференцияға белсенді қатысты.

ӨРЛЕУ БАҰО тренерлері Ж.Жұбауова мен М.Смагулованың өткізген шеберлік сыныбына қатысқан Абай мектебі директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары Әбілқасым Бақберген мен №198 мектептің математика-информатика пәндерінің мұғалімі Жаугашарова Айдана үздік жұмыстары үшін «Құрмет» грамоталармен марапатталды.

Шығармашыл ұстаздардың XIX ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА қалалық білім бөлімі әдіскері Амантаев Нұрқанаттың жетекшілігімен қатысқан ұстаздарымыз осылайша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Үздік әдістемелік жұмыстары үшін Амантаев Нұрқанат «Құрмет» грамота иеленсе, шараның жүргізушілік тізгінін ұстап, шарада кәсіби шеберлігін көрсете білген білім бөлімінің әдіскері Қалиев Бағлан да тәжірибе алаңының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Тәжірибесі мол тәжірибе алаңы

Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін тәжірибе алаңы талай ұстаздың шығармашылығын шыңдап, дамытуына жол ашты. Солардың бірі, биылғы шараның сарапшысы №261 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары, педагог-шебер Алиасқарова Гүлнұр да белсенді атқарған жұмыстары үшін «Құрмет» грамотамен марапатталды.

Республика бойынша тек Қызылорда облысында өткізілетін, облыс бойынша 88 ұстаз қатысқан озық шараның ұйымдастырушыларына Алғыс айтамыз. Ұстаз мәртебесі арта берсін!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: