Сенбі, 18 мамыр, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Театры бар мектеп

11.02.2023

1591 0

Қаладағы С.Лапин атындағы № 261 мектепте «Лапин шоу» оқушылар театры құрылған болатынҚазіргі уақытта жаңа жоба өз нәтижесін беріп, оқушылар сахнада өнер көрсетуде.

– Театр жобасын енгізудегі мақсат – оқушылардың шығармашылығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білуіне, жан-жақты дамуына ықпал жасау. «Лапин шоу» оқушылар театры құрылғанда алғашқы 5-9 сыныптар аралығында балаларға «Кастинг – 2021» жарияланды. Осылайша театрға талантты, өнерлі шәкірттерді қабылдадық. Әрбір баланың мүмкіндігін жетілдіру мен жақсартудың жолдарын іздеуде жұмыс істеп жатырмыз. Әр оқушының мақсатқа жетуіне көмектесеміз, – дейді С.Лапин атындағы №261 орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы Шолпан Күздеубай.

Театр мүшелері аймақтық жарыстарға белсене қатысуда. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай аймақтық мектептер арасында өткен «Қазақ халқының рухани көсемі» атты сахналық қойылымға «Ахметтің аманаты» қойылымын сомдап жүлделі 3-орын иеленген. А.Байтұрсыновтың рөлін сом­даған 6 «А» сынып оқушысы Дулат Кеңесбай «Үздік актёр» аталымын жеңіп алған.

Театр өнеріне балалардың қы­зығушылығы күн санап арту­да. Биылғы оқу жылында театрдағы оқушылар саны 300-ге жеткен. Жаңа оқу жылы театр оқушыла­ры үшін жеңіспен басталды деуге болады. Атап айтсақ, «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқаудың облыс­тық кезеңінде «Лапин шоу» театры өнер көрсетіп, жүлделі орын­дармен марапатталған. Сон­дай-ақ мектептегі театр ұжымы «Шығармашылық пен шебер­лік көрсеткені үшін «Дарын» облыстық білім беру орталығы­ның алғыс хатын иеленді.

– Театр мектеп қабырғасынан оқушылардың өнерге құштар­лы­ғын оятып, олардың шығарма­шылық қабілетін ашуға мүм­кіндік береді. Осы орайда мек­­тепішілік қойылымдар жүйелі түрде қойы­лады. Мұндай игі жоба жас буынды өнерге баулып, театр әле­мімен жақынырақ та­ныстыруға бағытталған. Театр өнері аса тал­ғампаздық пен шы­найылықты талап етеді. Кәсіби актерліктен алыс болса да жас өнерпаздар басты рөлдерді шебер сомдап шығуда. Көрермендерді сендіріп, көзге ыстық жас кел­тіруде. Мұндай күрделі қойы­лымдар оқушылардың киелі сах­наға төселіп қалыптасуы­на үлкен септігін тигезері анық, – дей­ді  атындағы №261 орта мектеп­тің  педегог ұйымдастырушысы Шолпан Қонақбайқызы.

Талантты балалардың ба­сын біріктіретін үйірменің оларға берері көп. Жобаның мүшелері де сахнада өздерін еркін ұсатуға, кейіпкер бейнесін ашуға, шығарманың мазмұнын толық түсініп, сахналап шығуға машықтанып келеді. Театр – тәрбие мектебі, театр – тәлім, рухани азық алар орда. Ол – көрінгеннің ермегі емес, үлкен еңбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: