Сейсенбі, 07 мамыр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

22.06.2023

551 0

Осыдан 11 жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпіл қағып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздар ойы толып, білім нәрімен сусындап жаңа өмірге қадам басты. Кеше С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицей түлектерінің аттестат табыстау рәсімі өтті. Салтанатты кешке Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы қатысып, мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, түлектерге аттестат табыстады. – Бүгін Сіздер үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз. Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі де өздеріңіз. Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деді білім бөлімінің басшысы. Биылғы оқу жылында С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейде 128 түлек бітіруде. Оның 4-еуі «Алтын белгі», 15-і «Үздік аттестат» иегері. Сәт сапар, жас түлек!Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын!Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: