Жұма, 03 мамыр, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбында қалалық семинар

15.03.2024

414 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Тұлға қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархад Лиясұлы, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Алашбайұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Мемлекет бала тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз балаларымызды біліммен ғана емес, олардың адами құндылықтарға негізделген берік ділін, заманауи дүниетанымын келешек елдің мүддесіне адал қызмет ететіндей азаматтық мінезін қалыптасуға атсалысуымыз керек. Осы мақсатта семинар барысында «Мәтін есептер шығару», «Тізбек бөлігі үшін ОМ заңы» тақырыбындағы ашық сабақтар, «Твое окружение на улице. Как совершаются правонарушения и преступления? » тақырыбындағы тәрбие сағаты, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс бағыты бойынша «Жақсы бала – ата-ана қуанышы» тақырыбындағы сынып сағаты, «Ұлттық құндылықтарды оқыту пәндеріне қалай кіріктіреміз?тақырыбындағы коучинг, «Бес минут – бес асыл іс» тақырыбындағы көңілді үзіліс, «4 тоқсан – 4 өнер» жобасы аясында «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» тақырыбындағы асық ату және бес асық ойындары, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жақсы кітап – жан азығы» оқу сағаты, «Әкелер мектебі» жобасы аясында «Әкем – бәйтерегім, ұлым –мұрагерім» тақырыбындағы әкелермен жүздесу сағаты сынды бірқатар шаралар өтті.

Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру бағытындағы жаңашыл жоспарлар қызу талқыланып, сарапшы мамандар тарапынан пайымды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: