Сәрсенбі, 24 сәуiр, 09:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ сынақтарының базасы жаңартылды

08.12.2022

401 0

ҚазАқпарат – Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталыққа сілтеме жасап.

«Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салсақ, 21 қарашадан бастап ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: