Сейсенбі, 30 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Үздік ұстаздарға 3 миллион теңге берілді

06.12.2022

700 0

Сыр елінің ұстаздары республикалық білім сынында аймақ абыройын асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық бай­қауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан аймағымыздың 4 ұс­тазы жеңімпаз атанып, төсбелгі тақты. Сондай-ақ олар 3 мил­лион теңгенің сертификатын алды.

Байқау шарты бойынша әр өңірден барған ұстаздар елорда мектептерінің бірінде ашық сабақ өткізіп, әдісімен бөлісті. «Үздік педаог-2022» байқауында үздіктер қатарынан көрінген ұстаздың бірі – Айгүл Қиясова. Ол – 30 жылға жуық білім сала­сында тәжірибесі бар ұстаз. Қаламыздағы №23 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі.  Ол бұған дейін Польшаның Вар­шава қаласында өткен Еуропа елдері арасындағы ІІІ олимпиаданың жеңімпазы атанып, аймаққа олжалы оралған болатын. Одан бөлек «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ІІ дәреже­лі жеңімпазы. Сондай-ақ «Қызылорда облы­сының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

«Үздік педагог» байқауының тағы бір жеңімпазы ауыл мектебінің мұғалі­мі – Салтанат Қосжанова. Ол – Жалағаш ау­данындағы №123 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Педагогикадағы үздік тәжірибесі ес­керіліп, «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісін алған. «Педагогикалық идея­лар фестивалі» республикалық кон­курсының ІІІ дәреже­лі жеңімпазы атанған.

№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының геогра­фия пәнінің мұ­ғалімі Ләззат Құлымбетова да «Үздік педагог-2022» байқауында жеңімпаз атанды. Ол білім саласында 20 жылдан бері шәкірт тәрбиелеуде. Ұлағатты ұстаздың шәкірті Ерасыл Сапарбеков Ыстанбұл қаласында өткен 17 халықаралық олимпиададан ІІІ орын иеленген және халықаралық зияткерлік олимпиадада жеңімпаз атанғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің марапатын иеленген.

Сонымен қатар Мәншүк Мәметова атын­дағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы Ұлжан Есмаханова да «Үздік ұстаз» атанды. Оның педаго­гикалық тәжірибесі республика­лық дең­гейде бірнеше мәрте таратылған. «Worldskills Kyzylorda – 2020» облыстық чемпио­натының жүлдегерлерін дайын­даған. «2021 жылдың қоры­тындысы бойынша «Жыл үздігі» номинациясына ие болған.

Аймақ абыройын асқақтатып, білім нәрімен оқушыларды сусындатып жүр­ген ұстаздарды жетістіктерімен құт­тықтаймыз.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: